Жамбыл жаңалықтары

Ұлттық құндылықтармен үндескен тұжырымдама

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен «Тараз – мәдениет мекені» тұжырымдамасы аясында «Ас беру мәдениеті» тақырыбында кеңес өтті.

Жиында алғашқы болып сөз алған шаһар басшысы аталмыш басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіманап, қалалық «Әулие ата» мешітінің бас имамы Ержан Аманбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Малтабар Жаманбаев тақырып төңірегінде орамды ойларын ортаға салды.

Кеңесті қорытындылаған қала әкімі ас беру мәдениетін қалыптастыруға қоғамның әрбір азаматы белсене қатысуы керектігін айтты.

 

Тараз қаласы әкімдігінің медиа қызметі