Намибияда тұңғыш рет әйел адам президент болды
72 жастағы Нетумбо Нанди-Ндайитва президенттік сайлауда 58 пайыз дауыс жинап, елдің жаңа президенті болып сайланды,деп хабарлайды arainfo.kz
Саяси додада жалпы 15 кандидат бақ сынаған. Нетумбо Нанди-Ндайитва – тәжірибелі саясаткер, бұған дейін әртүрлі мемлекеттік қызметтерде, соның ішінде парламент депутаты ретінде қызмет атқарған.
Соңғы 10 айда ол вице-президент лауазымын абыроймен атқарған. Оның мол тәжірибесі мен халық арасындағы беделі сайлаудағы жеңісіне ықпал еткен.