Жаңалықтар

Тараздағы түзеу мекемесінде сотталғандарға психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотты болған азаматтар психологиялық тренингке қатысты.

Бұл шараның негізі мақсаты – сотталғандардың психологиялық жағдайын жақсартуға, оларды тез шешім қабылдауға әрі алға қойған мақсат-мүдделеріне жетуге талпындыру. 

Тренинг барысында мекеме психологы Айгерім Саурбаева жіптік курс негізінде «Ақша қар» ойынын ұйымдастырып, жазасын өтеушілердің белсенділігін байқады. Өз кезегінде қатысушылар ойын шартына сәйкес, жіптің көмегімен карандашты шырын бөтелкесіне салуды мақсат тұтты. Бұдан бөлек, олар теңбіл допты бір-біріне беру арқылы әрқайсысы жақсы тілектерін айтты. 

Айта кетейік, аталған түзеу мекемесінің психологтары әрдайым арнайы контингент өкілдеріне қол ұшын созып келеді. Нәтижесінде жазасын өтеушілер түрлі жағдайларда оң шешім қабылдауға әуестенген.