Енді банктердегі аударымдар мен карта шығаруға салық енгізіледі
Қазақстанда банктердің аударымдары мен карта шығару комиссиясына салық салынуы мүмкін,деп хабарлайды arainfo.kz
Келесі жылы күшіне енетін жаңа Салық кодексінде банктердің комиссияларына салық салу қарастырылған. Ұлттық экономика министрлігі мәлімдегендей, бұл өзгерістер қарапайым азаматтардың аударымдарына әсер етпейді, сондай-ақ комиссиясыз жүзеге асырылған операциялар салықтан босатылады.
Қазіргі таңда ұсынылған нормалар парламентте талқыланып жатыр. Соңғы нұсқасы 2025 жылы қабылданатын кодексте екінші деңгейлі банктердің қаржылық операцияларына қатысты жеңілдіктерді жою ұсынылған. Алайда жеке тұлғалардың аударымдарына салық салынбайды.