Қазақстанда трансплантация мақсатында ағзаларды сақтауға арналған құрылғы жасалды
University Medical Center-дегі қазақстандық кардиохирургтар командасы организмнен тыс ағзаларды сақтау үшін бірегей құрылғы жасау үстінде,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл трансплантатттау нәтижелерін айтарлықтай жақсарта алады, деп хабарлайды UMC.
Жобаның шеңберінде мамандар соғып тұрған жүректі, сондай-ақ «тыныс алатын» өкпені және жұмыс істейтін бауырды сақтау үшін технологияларды әзірлеуде. Болашақта бүйрекке кеңейту жоспарлануда. Ағзаны өміршең күйінде кем дегенде 24 сағат сақтауға болады.
Организмнен тыс жүрек қызметі 29 сағат бойы сақталуы мүмкін екендігі, кейін сәтті трансплантатталатыны ғылыми дәлелденген. Бүгінгі таңда тек бір құрылғы - Transmedics компаниясының американдық OCS жүйесі ағзалардың өміршеңдігін қауіпсіз және тиімді сақтауға мүмкіндік береді.