Жастар

2025 жылы Ұлттық қордан балалардың есепшотына түсетін ақша мөлшері белгілі болды

Ұлттық банк мәліметінше, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы негізінде берілетін қаржы қаңтар айында түседі,деп хаюарлайды arainfo.kz

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова биыл ұлттық қордан аударылатын қаражаттың көбірек болатынын хабарлады. Қаржы институтының мәліметінше,  ұлттық банк ұлттық қорды басқарудан 5,3 миллиард доллар табыс тапқан.

Алайда, ұлттық банк нақты соманы атай алмады. Төрағаның орынбасары Ақылжан Баймағамбетовтың айтуынша, төлемдер 2025 жылдың қаңтарындағы бала санына байланысты болады.

Бағдарлама бойынша ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы жыл сайын 18 жасқа дейінгі қазақстандық балалар арасында бөлінеді. Биыл 18 жасқа толған азаматтар 100,05 доллар алды. Жыл басында елде 6,9 миллион кәмелетке толмаған бала болған.