Ұлттық банк 5 мың теңгеліктерге қатысты ескерту жасады
Ұлттық банк олардың таралу фактісін тексеру үшін Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан Ұлттық банкі WhatsApp-та тараған жалған 5000 теңгелік банкноттар туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Банк өкілдері "Празднуем вместе!" және "Не является платежным средством" деген жазулары бар өнімдердің жалған екенін растады.
Ұлттық банк бұл мәселе бойынша Ішкі істер министрлігіне өтініш жолдағанын және жалған ақша жасаумен байланысты әрекеттер Қылмыстық кодекстің 231-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Банкноталардың түпнұсқалығын мұқият тексеру қажеттілігі айтылды.