Қоғам

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР МҮЛІК САЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ?

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР МҮЛІК САЛЫҒЫН ҚАЛАЙ ТӨЛЕЙДІ?

Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Байланыс – орталығы» басқармасының басшысы Өмірзақ Қоспанов баспасөз мәслихатын өткізді. «Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу ерекшелігі» тақырыбында өткен брифингте баяндамашы Салық кодексіне енгізілген өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. 

–  2021 жылы ҚР Салық кодексіне кейбір өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда 2 салықтың түрі (мүлік салығы және жер салығы) бірыңғай 1 салық түрі болып, мүлік салығы деп аталатын болды. Яғни, енді мүлік салығы біртұтас бюджеттік сыныптама 104102 коды бойынша есептеледі және төленеді. Қазақстан Республикасының аумағындағы өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар, сондай-ақ жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері жеке тұлғаларға мүлік салығын салу объектісі болып саналады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР Салық кодексіне енгізілген өзгерістердің ерекшелігі – мүлік салығын төлеу мерзімінің өзгергені. Атап айтқанда, егер бұрын мүлік салығы жыл сайын төленсе, енді 2020 жылдан бастап мүлік салығының сомасы есепті жылдан кейінгі келесі жылы төленеді. Осыған орай, биыл біз 2021 жылдың мүлік салығын төлейміз. Биыл шілде айында барлық салық төлеушілердің «Kaspi Bank» мобильді қосымшаларына 2021 жылға алдағы төлемдер туралы push-хабарламалар жіберілді. Осыған орай, биыл біз 2021 жылдың мүлік салығын төлейміз. Биыл шілде айында барлық салық төлеушілердің «Kaspi Bank» мобильді қосымшаларына 2021 жылға алдағы төлемдер туралы push-хабарламалар жіберілді. Көрсетілген мерзімде салық төленбеген жағдайда, өсімпұл өндіріліп, одан кейін мәжбүрлеу шаралары қолданылатынын (хабарламалар, салық өкімдері, ЖСО-материалдарды беру) ескертеміз. Осыған байланысты, барлық салық төлеушілерді 2021 жылғы мүлік салығын 2022 жылдың 1 қазанына дейін төлеуді сұраймыз, – деді Өмірзақ Сайлауұлы. Баяндамашының айтуынша, жеке тұлғалар салықтарын банк филиалдары, сондай-ақ банктердің мобильді қосымшалары, «Қазпочта» АҚ филиалдары, төлем терминалдары арқылы, «Электрондық үкімет» порталының (E-gov.kz) сайтында, Мемлекеттің веб-сайтында, кірістер комитетінің www.kgd.gov. kz «Салық берешегінің жоқтығы/барлығы туралы ақпарат» сервисі арқылы, сондай-ақ eSalyk мобильді қосымшасы арқылы төлей алады. Айта кететін жайт, eSalyk mobile мобильді қосымшасы арқылы салықты деректемелерді толтырмай, банктерге бармай, төлем терминалдарын пайдаланбай оңай төлеуге болады. Бүгінгі күнде 110 мың тұлғадан түскен мүлік салығының сомасы 270,5 миллион теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 60 мың тұлғадан аталған салықтың түрінен 120 миллион теңге түсірілуі күтілуде.

«AR-AI»-ақпарат