Спорт

Жібек Құламбаева әлемдік рейтінгіде жоғарылады

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева әлемдік рейтінгіде жоғарылады,деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі жаңа орындары белгілі болды. Жекелей сында Жібек Құламбаева 155-орынға көтерілді (+1), Сандуғаш Кенжебаева – 670-ші (+2), Гозаль Айнитдинова – 798-ші (+8), Асылжан Арыстанбекова – 832-ші (+13), Жанель Рүстемова – 852-ші (+12), Аружан Сағындықова – 908-ші (+4), Ингкар Дүйсебай – 1575-ші (+4), ал Анастасия Крымкова – 1608-ші (+7) орынға тұрақтады.

WTA рейтингісінде жұптық сында 13 қазақстандық теннисші есепте тұр. Анна Данилина жұптық есепте көш басында тұрғанын еске саламыз. Алайда, жаңартылған рейтінгіде ол 22-орыннан жылжыған жоқ.