Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Биыл Тәуелсіздік күніне орай отандастарымыз қатарынан үш күн демалады,деп хабарлайды arainfo.kz
Биыл Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс күндері болады. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсанда демалады.
Еске салсақ, 31 желтоқсан — Жаңа жыл қарсаңы жұмыс күні. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні демалыс болып табылады. Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтардағы жұма жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы шешім қабылдады. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күндері.
7 қаңтарда Рождество мерекесімен тағы бір демалыс күні беріледі. Одан кейін жұмыс кестесі бойынша жалғасады.