Спорт

ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАРЫС

ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАРЫС

Тараз қаласы күніне орай облыстық мәслихаттың депутаты Гулам Умаровтың қолдауымен Қарасай батыр елді мекенінде ауыл жастары арасында футболдан жарыс өтті.

Жалпы, 16-29 жас аралығындағы жарысқа қатысушылар 6 командаға бөлініп, өнер көрсетті. Тартысқа толы болған, футбол жанкүйерлеріне ерекше әсер сыйлаған турнирде «Сахзавод» командасы І орынды қанжығасына байласа, ІІ орынға «Қарасай батыр» командасы ие болды. Ал ІІІ орынды «Барысхан» командасының жігіттері еншіледі. – Жастар арасында бұқаралық спорттың дамуына жол ашу мақсатында әрбір ауылда футболдан турнирлер өткізіп тұрамыз. Қазіргі таңда ауылдық елді мекендердің де өз стадиондары бар. Жастардың спортпен айналысуына барынша мүмкіндік қарастырылған. Жастар өз уақытын тиімді пайдаланып, осындай іс-шараларға белсене қатысуы керек. Мұндай ойындар жастарды жігерлендіріп ғана қоймай, қайта олардың арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтың нығаюына да өз әсерін тигізеді, – дейді «Қарасай» футбол алаңшасының нұсқаушысы Ғалымжан Наурызбай.

Ш.ӘБДІРҰЛЫ