Облыс әкімі азаматтардың мәселелерін тыңдады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Аmanat» партиясы өңірлік филиалының қоғамдық қабылдау алаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады,деп хабарлайды arainfo.kz
Қабылдауға келген тұрғындар ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, спорт және экология салаларына қатысты мәселелерді көтеріп, басқа да бағыттар бойынша сұрақтар қойды.
Ербол Қарашөкеев азаматтардың өтініштері мен сұрақтарына заң талаптарына сай жауап беріп, жауапты тұлғаларға барлық сауалдарды мұқият қарауды және шұғыл шешімді қажет ететін мәселелер бойынша жедел шаралар қабылдауды тапсырды.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 10 айында облыс әкімі 32 қабылдау өткізіп, 500-ге жуық азаматтың мәселесін тыңдап, оларды шешуге көңіл бөлді.