Білім

Ұлттық құзыреттілік орталығы ашылмақ

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен Жұмысшы мамандықтар жылының аясында Астанада ҚР Премьер-министрінің тапсырмасымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттерін қолдау мақсатында Ұлттық құзыреттілік орталық ашылады,деп хабарлайды arainfo.kz

Ұлттық құзыреттілік орталығы бизнес пен білім беру ұйымдары арасында диалог алаңының рөлін атқарып, студенттерді халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына даярлауға, сарапшылар қауымдастығын дамытуға және жұмысшы мамандықтарының танымалдылығын арттыруға бағытталған бірыңғай жаттығу базасына айналады.

Айта кету керек, мұндай орталықтар Қытай, Оңтүстік Корея, Ресей сияқты елдерде табысты жүзеге асырылып, жоғары білікті кадрлар даярлауда тиімділігін дәлелдеді. Әлемде WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделін арттырудың басты құралы ретінде танылады. Қазақстанның ұлттық құрамасы халықаралық аренада еліміздің намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді.