6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді
Облысымызда «Қарасора-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып, 6 тоннаға жуық есірткі тәркіленді.
Іс-шара барысында 28 жедел мобильдік топ құрылып, полиция департаментінің 100-ден астам қызметкері тартылды. 8 қызметтік іздестіру иті, 5 жылжымалы мобильдік бекет жұмыс істеді. Сонымен қатар ҚР Ішкі істер министрлігінің «Сұңқар», Ұлттық ұланның «Бүркіт» күш-құралдары және ҚР Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары аталған іс-шараға тартылды.
1 маусым мен 30 қазан аралығында Шу алқабынан қарасора тасымалданатын 6 арнаның жолы кесілді.
Басқа облыстардың полиция департаменттерімен бірлесе отырып Шу алқабынан Астана және Ақтау қалаларына 80 келіден астам «марихуана» және 4 келі «гашиш» тасымалдайтын каналдың жолы кесілді.
Сондай-ақ полиция қызметкерлері Алматы қаласынан облысымызға «синтетика» тасымалдайтын 2 ірі арнаны жауып, 2 келіден астам «синтетика» есірткісін тәркіледі.
Облыстық полиция
департаментінің
баспасөз қызметі