Хабарландыру!
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Қыс-2024» республикалық команда-штабтық оқу-жаттығуының өткізілуіне байланысты 2024 жылғы 21 қарашада сағат 11-00де Жамбыл облысы аумағында электросиреналар мен сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қосу арқылы «Баршаның назарына!» сигналын беру жүргізілетінін хабарлайды. Осыған орай, облыстық баспа басылымдарында, ресми интернет-ресурстарда және телеарналардағы жүгіртпе жолдарда қосымшадағы ақпаратты жарықтандыруды сұрайды.