Жаңалықтар

Жамбыл өңірінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр

800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын табуда,деп хабарлайды arainfo.kz

Акцияға облыс тұрғындары мен жастар да белсене атсалысуда. Облыс орталығы Тараз қаласында Самал мөлтекауданы №12 үйдің тұрғындары «Таза аула» ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.

Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.

Бұл жұмыстарға жалпы 1056 бірлік техника қатысты.