Брифинг

Инвестициялық бағдарламалар жүйелі жүзеге асуда

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеукомитетінің облыс бойынша департаменті табиғи монополиялар салаларында мемлекеттік реттеу рәсімдерінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуде. Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және сұранысты қанағаттандыру ынталандырылып, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектiлерiнің мүдделерiн қорғау ісі жолға қойылған. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің бастығы Алмат Абдрайханның айтуынша, жыл басынан бері департаментке 21 табиғи монополия субъектісінен тарифті бекіту туралы 47 өтінім және 2 қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінен бағаның шекті бағадан жоғары көтерілуіне байланысты 6 хабарлама келіп түсіпті. Түскен өтінімдер мен хабарламаларды қарау нәтижесінде 35 өтінім бойынша 25 тариф бекітілген. 7 өтінім мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің 3 хабарламасы бойынша оны қараудан бас тартылған. 8 өтінім субъектінің өз еркімен кері қайтарылып, 10 өтінім қаралу үстінде.

Облыстың жергілікті мемлекеттік тіркеліміне енгізілген 5 табиғи монополия субъектісіне қатысты тексеру жүргізіліп, 4 заңбұзушылық анықталыпты. Табиғи монополиялар туралы заңнаманың бұзылуын қалпына келтіру жөнінде 4 нұсқама енгізіліп, оның үшеуі қалпына келтірілсе, біреуі орындалуда.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ