Жамбыл жаңалықтары

Жыл соңына дейін 8 мәдениет нысаны пайдалануға беріледі

Облыста 2024 жылы 16 мәдениет нысанының құрылысын жүргізуге 3 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылды.

Биыл 8 мәдениет нысанын пайдалануға беру көзделіп отыр. Бүгінге дейін Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Талас аудандарында 4 мәдениет үйі мен бір музей ашылды.

Жыл соңына дейін Жамбыл, Қордай аудандарында 2 мәдениет үйінің құрылысы аяқталады деп күтілуде. Бұдан бөлек «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде салынып жатқан «Ежелгі бекініс» нысаны пайдалануға беріледі.

Қалған 8 нысан қаржыландыру жоспарына сәйкес келер жылы ел игілігіне тапсырылады.

2024 жылы Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйін, Т.Рысқұлов ауданындағы Д.Қонаев ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеу жоспарланып, бүгінде жұмыстар бітуге жақын.

Сонымен бірге 14 мәдениет нысаны мен А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының ағымдағы жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 

Айта кетейік, облыста 199 мәдениет үйі мен клуб, 275 кітапхана, 2 драма театр, 1 филармония, 2 кинотеатр, 19 музей мен өзге де орталықтар халыққа қызмет көрсетеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі