Туризм және спорт министрлігі мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасын әзірледі
Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді,деп хабарлайды arainfo.kz
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.
Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі.Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін және спорттық жарыстарға қатысу шарттарын ұлғайтуға бағытталған.
Туризм және спорт министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқа қатысуына қолайлы жағдай жасауға септігін тигізеді.
Құжаттың қабылдануы спорт саласындағы инклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетуге үлкен мүмкіндік береді.