Қоғам

ҚАРИЯЛАР ҚАШАНДА ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

ҚАРИЯЛАР ҚАШАНДА ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Қарияларға көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтіп, облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Марал Ділдабекова баяндама жасады. 

– 2022 жылы екінші дүниежүзілік соғысының мүгедегіне теңестірілген 10 азаматқа облыстық бюджеттен санаторлы-курорттық емдеуге жолдама берілді. Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне жергілікті бюджеттен мүмкіндігінше қамқорлық көрсетілуде. Атап айтқанда, 2022 жылдың 30 қыркүйегіне Тараз қаласы мен аудандарда тұратын 21 соғыс ардагері мен мүгедегіне коммуналдық кәсіпорындар арқылы жеңілдіктер қаралды. Тараз қаласы мен аудандарда 2022 жылы жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мақсатында жергілікті бюджеттерден 567,5 миллион теңге қаралды. Облыс көлемінде осы қызмет түрін қажет ететін 1164 адамның 980-і ардагер болса, 184 жалғызбасты мүгедекке 165 әлеуметтік қызметкер аптасына 2 сағаттан 2 рет қызмет көрсетуде. Орта есеппен әр әлеуметтік қызметкер стандартқа сәйкес 6-8 адамға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, облыс көлемінде орналасқан 4 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарында» 370 қарт пен мүгедекке арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.Қарттарға қамқорлық – барлығымыздың ортақ парызымыз. Өмірдің түрлі белестерінен өтіп, бүгінге аман жеткен ардагерлер аудан, қала көлемінде және басқармаға қарасты медициналық-әлеуметтік мекемелер арасында назардан тыс қалып отырған жоқ, – деді Марал Аманжолқызы.