Киберқауіпсіздік басты орында
Киберқауіпсіздік басты орында: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасында меморандумға қол қойылды.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы киберқауіпсіздік саласындағы жетекші компания - TSARKA-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын жариялады. Бұл келісім ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік корпорацияның ақпаратын қорғауға бағытталған.
Әріптестік аясында TSARKA ақпараттық жүйелердегі осалдықтарды анықтау және жою мақсатында Tumar.One платформасынан зерттеу және тестілеу жүргізу үшін баг-хантерлерді белсенді түрде тартады.
Баг-баунти платформасы – тәуелсіз киберқауіпсіздік зерттеушілері бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу және анықталған осалдықтар туралы хабарлау мүмкіндігіне ие болатын инновациялық модель.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен TSARKA арасындағы ынтымақтастық барлық азаматтар мен ұйымдар үшін қауіпсіз цифрлық ортаны құрудағы маңызды қадам болмақ.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ