Денсаулық

«Диабетті жеңеміз!» тақырыбында кездесу өтті

Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы 14 қараша - Бүкіләлемдік диабетке қарсы күрес күні орай «ALEM » кәсіби білім беру колледжінің «Мейіргер ісі» тобының білімгерлерінің қатысуымен «Диабетті жеңеміз!» тақырыбында маманмен диалог ұйымдастырды.

Адамның дұрыс дамып, өсіп жетілуіне денсаулықтың маңызы зор. Сондықтан өмірге келген әрбір адам өзінің денсаулығын күтіп, қандағы глюкоза деңгейін өлшетіп, эндокринологтан кеңес алып, өз денсаулығы үшін күресе білуі қажет.

Кездесуге «JANUIA medical center» денсаулық сақтау мекемесінің жоғарғы санаттағы  эндокринолог дәрігері Ағабаева Эльмира Жүсіпбайқызы және «Садыхан» облыстық медициналық орталығының эндокринолог дәрігері Шағамбаева Жадыра Базарбайқызы қатысып, ауру белгілері мен дамуы және алдын алу жолдары туралы бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін пікір алысты.