Санжар Әділов Ішкі істер министрінің орынбасары болып тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Санжар Әділов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды arainfo.kz
Айта кетейік, Санжар Әділов 1977 жылы 26 қыркүйекте Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1999 жылы тергеуші болып бастаған.
Әр жылдары ол ішкі істер органдарының тергеу бөлімдерінде (ішкі істер және қаржы полициясы), ҚРІІМ тергеу департаментінде жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының полиция департаменті бастықтарының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың қарашасынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы, Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.