3,5 мың мал басы иелеріне қайтарылды
Абай облысында криминалдық полиция қызметкерлері жылқы ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топ төрт адамнан тұрған, деп хабарлайды arainfo.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілердің 50-ден астам жылқы ұрлағаны анықталды. Олардың бірі шаруа қожалығын басқарған. Ұрланған малды далалы жерге апарып, етін сату үшін сойып отырған. Тірі жылқыларды КамАЗ-бен оңтүстік аймаққа, ал етті облыс базарларына апарған. Қаскөйлер қамауға алынды.