Әлеумет

Медициналық қызмет сапасы арта түседі

The final spritzer

Денсаулық сақтау мекемелері халыққа сапалы қызмет көрсетіп, қауіпсіздік талаптарына сай болуы үшін медициналық жабдықтар мен технологияны үнемі жаңартып отыру маңызды. Медициналық аппараттардың жай-күйі диагноздың дәлдігіне, емдеу сапасына тікелей әсер етеді.

Заманауи технологиялар мен инфрақұрылымсыз адамдардың өмірі үшін күресіп, емделушілердің денсаулығын жақсарту мүмкін емес. Сондықтан медициналық құрылғыларды уақытылы жаңартып отыру – денсаулық сақтау саласының басым бағыттарының бірі.

Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Перизат Үмбетәлінің айтуынша, аймақтағы медициналық мекемелердің жабдықталу деңгейі бүгінде 92,6 пайызды құраған. Өңірдегі емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал-жабдықтардың тозу деңгейі өткен жылы 35,88 пайызға тең болса, биыл бұл көрсеткіш 35,67 пайызға төмендеген.

Ақтоты БЕКЕНҚЫЗЫ