Жаңалықтар

Генералдар кеңесінің төралқасы Тоқаевты Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды

Генералдар кеңесінің төралқасы Тоқаевты Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды

Генералдар кеңесінің төралқасы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.kz-ке сілтеме жасап.

Ұзақ жылдар бойы мемлекет мүддесіне абыроймен қызмет еткен Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының генералдары, ардагерлері осы күні де Отан мүддесін қорғап жатыр. Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауын талқылағаннан кейін «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасы бағдарламалық құжатта баяндалған ережелер мен ұсыныстарды іске асыруға белсенді қатысу туралы шешім қабылдады.

Еске сала кетсек, Ұлттық волонтерлер желісі мен Қазақстанның азаматтық альянсы да бір ауыздан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенттігіне кандидатурасын қолдады.