Хабарландыру!
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары!
2024 жылдың 22 қарашасында Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай бірқатар мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Атап айтқанда, сағат 10.00-де Тараз қаласы, Достық үйінде «Талас - Ұлы өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция,14.00-де Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда бәйгеден («Ұлы аламан», «Аламан», «Құнан» бәйге) облыстық ашық турнир,
16.00-де «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Салтанатты іс-шара барысында кешен аумағында киіз үйлер қалашығын тамашалау, 85 домбырашының қатысумен күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың күйін орындау, мерейтойға орай шығарылған кітаптардың тұсаукесері, «Туған өлкем - Жамбылым!» атты қылқалам, қолөнер байқаулары жеңімпаздарының көрмесі, «Мәдениет - асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндерінің жеңімпаздарын марапаттау, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылмақ.
Баршаңызды мерейтойға арналған іс-шараларға қатысуға шақырамыз!