Тұрғындар тұрмысы жақсаруда
Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қордай ауданы әкімінің бірінші орынбасары Бақыт Сахатовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Қордай ауданында 9 айдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп саласындағы табыс 15,9 миллиард теңгені құрап, нақты индекс көлемі 101 пайызға орындалыпты. Инвестиция көлемі 40,4 миллиард теңгені құраса, индекс көлемі 112,9 пайызға жеткен. Сол секілді құрылыс саласында меже 185,3 пайызға, ауылшаруашылығында – 103,3, бөлшек саудада 107,4 пайызға орындалған.
Қаңтар-қазан айларының қорытындысымен кірістер 15 миллиард 567 миллион теңгені құрап, нәтиже 96,6 пайызды көрсеткен.
Қордай ауданы бойынша 26 269 аула тіркелген екен. Экономикалық белсенді 73 923 тұрғынның 70 588-і жұмыспен қамтылыпты. Атап айтқанда, жалдамалы қызметкерлер саны – 34 529, ал 36 059 адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатында. Осы жылдың ІІІ тоқсанына жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 4 964 адам тартылса, 4 184 азамат жұмысқа орналасқан. Оның ішінде 2 667-сі тұрақты жұмыс тапқан.
Нұрым СЫРҒАБАЕВ