Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі қатаң сақталуы тиіс
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасының талаптары бойынша қызмет берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердегі тәртіпке сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті болып табылады.
Барлық мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртіптері нақты айқындалған.
Департаментпен жүргізілген бақылау жұмыстары барысында қызмет көрсетушілердің тарапынан қызмет көрсетудің тәртіптері көп жағдайларда сақталмайтындығы белгілі болды.
Мәселен, Департаментпен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қызмет көрсетуші органдарда 11 бақылау жұмыстары жүргізіліп, жалпы 1672 заң бұзушылықтар анықталса, оның ішінде 1144-і, яғни 68,4% мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртіптерін бұзуға тиесілі болып отыр.
Департамент тарапынан анықталған заң бұзушылықтар бойынша құзырлы органдарға болашақта жол бермеу мақсатында тиісті ұсыныстар енгізілді.
Руслан ШАРИПОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы