Ғани Бейсембаев Жамбыл облысының педагогтерімен кездесу өткізді
Педагогтер министрмен еркін сұқбаттасып, өз сұрақтарын қойды,деп хабарлайды arainfo.kz
Министр мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын аралап, әріптестерімен кездесті. Олардың қатарында ардагер ұстаздар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегерлері, педагог шеберлер, педагог-зерттеушілер және «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары да болды.
Ғани Бейсембаев сондай-ақ білім сапасын арттыру, сапалы педагогикалық құрам қалыптастыру, білім беру инфрақұрылымын жақсарту және тағы басқа білім саласының сұрақтарын әріптестерімен бірге талқылады.
Сонымен қатар министр білім жүйесінде жаңа басшылар құрамын іріктеу мен қалыптастыруға ерекше көңіл бөлді. Өңірлік білім басқармасының басшысына педагогтерді қолдау, жас мамандар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жұмыстарды күшейту және педагогикалық қауымдастық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Қазіргі таңда Жамбыл облысында 40 мыңға жуық педагог еңбек етуде, оның ішінде 436-сы педагог-шебер.
Жұмыс сапарын қорытындылай келе, министр бірқатар білім беру ұйымдарын, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған мектептерді тексерді.