Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауына жазылған Тараз қаласы мен (Байзақ, Жамбыл, Қордай) аудандарының тұрғындарын қабылдады.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі баспана мәселесін көтерді. Бұдан бөлек білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік салаларына қатысты өтініш-тілектерін айтты.
Ербол Қарашөкеев барлық өтінішті мұқият тыңдап, мәселелердің шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті. Қабылдауда көтерілген кейбір сауалдар бойынша мүмкіндіктерді қарастырып, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдау барысында көтерілген барлық мәселені жеке бақылауында ұстап отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі