Жаңалықтар

Таразда «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін неғұрлым жаза түріне яғни, бас бостандығын шектеуге ауыстырылуына байланысты Н есімді азамат еркіндікке жолдама алды.

Бұл күні оған «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында тиісті құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өз кезегінде ер адам қажетті ақпарат берген ҚАЖ қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, Н есімді азамат Қылмыстық Кодекстің 345 бабының 4 бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып, 2022 жылдың қазан айында Қордай аудандық сотының үкімі негізінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.