Дауылдан кейінгі «дауыл»
Бұл күні дауыл қатты тұрды. Екпінді жел бір пәсте айналаның астаң-кестеңін шығарды. Елді әбігерге салған дауыл кеш кіріп, қараңғы түскенде бір-ақ басылды. Дауыл соншалықты қатты болғандықтан емес, өзінің де өмірін түбегейлі өзгертіп жібере жаздағандықтан бұл күн Ержанның да есінде өмір бойы сақталатыны сөзсіз.
... Ержан жоғары оқу орнын жуырда ғана бітірген, бірақ әлі мамандығы бойынша жұмыс таппай жүрген жігіт. Бойындағы асабалық талантының арқасында той-томалақтарға шығып, аз болса да күнкөрісін айырып жүрген жан. Ал өзінің мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бірнеше мектепті аралап, бос жұмыс орнын іздеді. Бірақ қайда барса да орын жоқ. Кейбіреулерден «рақметін берсең, жұмыс та табылар» дегенді де естіді. Бірақ Ержанның олай жасағысы келмеді. Міне, осылайша Ержанның күндері өтіп жатты.
Бүгінде Ержанның жасы жиырмадан асқан. Отбасы құратын жасы да келген. Тек жүрегі қалап, жаны сүйген адамын әлі кездестіре қоймады.
Бүгін оның қолы бос. Тойдың көбі кешке қарай болатындықтан күндіз үйдің және сырттың жұмыстарымен айналысатын. Бірде ол үй шаруасымен айналысып жатқанда курстас досы Сәкен хабарласты:
– Біз де жүріп жатырмыз. Жұмыс – үй, үй – жұмыс.
– Мұғалімдік қызмет қалай болып жатыр? Қиын ба екен?
– Қайда жиналайын деп жатсыңдар? Бұйырса, баруға тырысамын.
Ермек те бірге оқыған группалас досы болатын.
– Жақсы, досым, хабарда боламыз.
Келесі күні кешке Ержан тойға тапсырыс алып қойған. Сәкенге хабарласып, басқосуға сәл кешігіп баратынын айтты.
Сағат кешкі сегізден өте группада бірге оқыған, бүгінде әр мектепте мұғалімдік қызметте жүрген жігіттердің басы қосылды.
Ермек дастарқанды жайнатып қойыпты. Үйінде інісі мен әкесі бар екен. Анасы жұмыстарымен ауылына кеткен екен. Сөзді Ермектің өзі бастады:
– Қалайсыңдар? Жұмыстарың қалай? Айта отырыңдар.
Осы сәтте Сәкен мұрнын бір тартып:
Ермек те оның сөзін жалғай:
Бағанадан бері үнсіз тыңдап қойып отырған Абылай да сөзге араласып:
– Бәрін қойыңдаршы, неше сағатпен істеп жатырсыңдар? Ақшаны қырып жатқан боларсыңдар, ә?!
Сонда Сәкен қуақыланып:
Арман өзі салмақты, сабырлы жігіттердің қатарынан болатын. Жай ғана жымиып:
– Айтпақшы, Ерекең келетін болды ма? Білсеңдерші.
Ерекең деп отырғаны – Ержан.
Ермек дастарқанға ыстық мантыны қойып жатып:
Жігіттер жағы дастарқанға келген ыстық тамақты ортаға ала бергені сол еді, сырттан Ермекпен бірге Ержан да кіріп келді.
Осылайша отырыс әрмен қарай жалғасты. Бұл күні группалас достардың айтпаған әңгімесі қалмады. Қызығы мен қиындығы қатар өріліп жатқан студенттік күндердің естеліктерін айтып, уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамады.
Әлден уақытта бәрі қайтуға оқталып, соңғы тілек кештетіп келген Ержанға берілді. Достарына жақсы тілектерін арнаған Ержан сөзін түйіндей келіп:
Жігіттер бірінің сөзін бірі қостай:
– Ол жағын бір-екі күнде айтармын, ең бастысы, өздерің дайын болсаңдар болды.
Осылайша бас қосудың соңы туған күнге баруды жоспарлаумен аяқталып, барлығы ертесі күні жұмыс екенін айтып, үйлеріне тарқасты.
... Бүгін Ержанның туған күні. Достардың бас қосуы кешкі сағат жетіге белгіленген. Жетіде басталатын тойға бір сағат кешігіп бару қазақтың әдеті емес пе? Десе де группаластар өз уақытында барды. Кафеге бірінші болып кірген Сәкен, Ермек, Мейіржан үшеуінің алдынан шашын түйген, сарғыш түсті, бет-әлпеті тартымды келген бір қыз баласы шықты. Шамасы кафенің әкімшісі болса керек.
– Кімнің туған күніне келдіңіздер?
Қыз қолына ұстаған қағазына қарап:
Үшеуі дабырласып, үсті-бастарын ретке келтіріп, ішке кіріп кетті.
Бұлармен бірге даяшы қыздар да бірге кіріп, дастарқанға сусындар мен салаттарды әкеле бастады. Араға жарты сағат салып, қасындағы бір екі жолдасымен туған күн иесі Ерекең де кіріп келді. Жігіттер жағы амандасып, құттықтауларын айтып, тыныш тұрған бөлменің ішін бір сәтте шу қылды.
Туған күн кешін Ерекеңнің асаба достарының бірі бастап, әрмен қарай тілектер тиегі ағытылып, басқосу қыза түсті. Мұндай күні жаман тілек айтылмайтыны анық. Қонақтардың бәрі жақсы сөздерін айтты.
Абыр-сабырмен Ерекеңнің «Айхай, жиырма бес!» деп дүбірлеткен туған күн кеші де бітті. Бәрі риза. Бір жағынан, туған күн, бір жағынан, әдеби-сазды кеш секілді өтті. Ержанның жүрегі мен құлағында «Бір басың екеу болсын» деген сөз қалды. Өзі де соны қалап жүрген. Үйдегілері де сұрап қоймайтын. Тек қыз кездеспей жүр. Осы кештегі тілектер шын жүректен айтылып, қабыл болды ма, бір аптадан кейін Ержан бір қызбен танысты. Таныстық былай болды:
... Қыз да сол Ерекеңнің ауылынан еді. Қысқасы, ол тойдан қайтып келе жатқанда жолдың бойында такси тоқтатып, қол бұлғап тұрған қызды көріп қалды. Қыздың қасынан өтіп барып тоқтап, артқа жүрді. Қыз да дәл сол Ерекеңнің ауылында, соның үйі орналасқан аймаққа жақын жерде тұрады екен. Көлікте екеуі ғана. Ерекең қызға қарап қояды. Үйленейін деп жүрген жігіттің бұл қылығы заңдылық еді. Алғашында екеуі де үнсіз отырып, таныстықты Ержан өзі бастады.
– Есіміңіз кім?
– Бұл жақта бұрыннан тұрасыз ба, әлде жақында көшіп келдіңіз бе?
– Бұрыннан. Тек мектепті қалада бітіргенмін.
Қыз енді жігітке көңіл бөле бастады.
– Өзіңіздің атыңыз кім?
– Ержан... Асабамын, бірақ мамандығым мұғалім, жұмыс іздестіріп жүрмін. Өзің қандай мамандықта оқисың, әлде бітіргенсің бе?
– Мен осы жылы медициналық колледжді бітірдім.
Екеуара әңгіме енді қыза бастағанда қыз үйіне жақындағанын айтып, түсуге ыңғайланды.
Ерекең қыздың айтқан жеріне тоқтады. Қыз ақша ұсынып еді, алмады.
Ержан Маржанға ұзақ қарап қалды. Өзінің бойы орташа келген, шашы иығына төгілген, аппақ жүзі ерекше сұлу көрінеді екен. Ерекеңнің жүрегінде алабұртқан бір сезім пайда болғандай. Әзірге ол қыздың есімінің Маржан және мейірбике екенін ғана білді. Сол сәтте Ержан оның тым құрыса әлеуметтік желідегі парақшасын сұрап алмағанына қатты өкінді. Сөйтіп, дәл осы көңілсіз күйде үйіне қайтты.
Ертесі күні Ержан күндегі әдетімен таңертеңгі ондар шамасында көлігімен сыртқа шықты. Көше бойында көлік тоқтатып тұрған тағы бір қызды байқады. Анықтап қарап еді, кешегі Маржан екен. Басқа көліктер тоқтап қоймасын деген оймен асыға тоқтай қалып:
– Жұмыстармен.
– Қаланың қай жеріне барасың?
– Сізге ыңғайлы жерден түсіп қалайын.
Бір жағынан, іштей жігіттің керек жеріне дейін жеткізіп тастарын біліп тұрса да осылай айтты. Ержан әзілмен:
Маржан іштей айтуды жөн көргенімен сыртқа білдіргісі келмей:
– Сөйлесіп, білісіп дегендей...
– Жақсы, түсерде айтармын.
Сөз арасында Маржан Ержанның асабалығы жайлы сұрай бастады.
– Барлық тойды жүргізе бересіз бе?
– Әрине, кез келген. Той дайын болса, біз дайынбыз.
– Қайдан үйрендіңіз? Тізгін ұстап, ел алдында жүргеніңізге көп болды ма?
– Иә, мектеп бітіретін кезде бастадым, аға көкелердің қасында жүріп үйрендік.
– Не дейді тағы, ал асаба деген қандай болу керек екен, өзің айтшы?
– «Instagram» ше?
Маржан көліктен түсер кезде желідегі парақшасын Ержанның телефонына жазып берді.
Маржан ұзай бере Ержан көлігін бір шетке қойып, дереу телефонын қолға алып, «Instagram»-нан Маржанды іздей бастады. Маржанның парақшасы жабық екен. Достыққа ұсыныс тастап қойды.
Ержан Маржанға да ұнаған болатын. Көлігі бар, оқыған әрі асаба. Келбеті де келісті. Бұл Маржанның ойы еді. Көп күттірмей ұсыныс та келді. Маржан өзіне келген достықты бірден қабылдамауды жөн деп ойлады. Қызға жараспайтын қылық секілді көрінгендіктен ұсынысты кешке қарай қабылдауды дұрыс деп тапты.
Ержан қаладағы жұмыстарын аяқтап, қараңғы түскенде үйіне жетті. Күні бойы Маржанды ойлап, телефонына қараумен болды. Кешкі асын ішкен соң өз бөлмесіне кіріп, төсегіне қисая кетті. Ғашық болу, біреуді сүю дегеннің өзі бір ауыр дерт. Қатты ауырсаң, емі тек сол адамың. Кенет ой үстінде жатқан Ержанды телефонының дауысы шошытып жіберді. Сағат кешкі ондардың шамасы болып қалған. Алып қарап еді, күні бойы күткен Маржанның қабылдауы келді. «Instagram» парақшасын аша салысымен бірінші желідегі жазбаларын шолып өтіп, бір суретіне лүпіл басып қойды.
Осылайша екеуі әлеуметтік желі арқылы сөйлесіп, кездесіп жүргенде уақыт өтіп жатты. Әр кездесуде Ержан қызыл түсті раушан гүлдерін сыйлайтын. Екі ғашықтың серуені, қып-қызыл раушан гүлдер секілді әдемі, иісі аңқыған махаббат хикаясы басталып жатты. Арада бір апта өткен соң Ержан қызға сөз салмақ болды. Оның өзін ерекше, есте қаларлықтай етіп жасағысы келді. Сол ойымен қаладағы Президент саябағына достарын шақырып, саябаққа жүрек етіп шам жағып, қызыл раушан шашып, алаңды гүлдендіріп жіберді. Қолына гүлі мен сыйлығын алған. Маржанды саябақтың басқа шетінен көзін байлап әкеліп, жүректің ортасына қойып, көзін ашты. Маржанның қуанышында шек жоқ. Бірақ оны сыртқа қатты шығармады.
Айналадағылардың бірі ысқырып, бірі айқайлап, бірі шапалақтап жатыр. Ержан сезімін білдіріп, Маржан қабыл алды.
Бәрі қуаныштарын атап өтуге қала мейрамханаларының біріне барды. Бұдан кейін де оңаша кездесулер, телефонмен сөйлескен түндер өтті.
Екеуінің жүріп жүргеніне екі ай болды. Күн сенбі болатын. Ержан Маржанға хабарласып еді, біресе өшірулі, біресе байланыс аясынан тыс жерде екен. Жігіттің жүрегі бір нәрсені сезгендей болып, мазасы қашты. Бұл сол дауылды күн еді. Бір уақытта телефонының әуені ойнай жөнелді. Қараса, Маржан. Көтергені сол еді, ар жағынан:
– Жаным, мені алып қашып кетті...
Ержанның төбесінен біреу мұздай су құйып жібергендей болды.
– Қалай? Қашан?
– Бүгін таңертең, дүкенге шыққам, белгісіз бір көлікпен еркімнен тыс алып кетті.
– Қайдасың қазір?
– Мен бірнәрсе қылып қашып шығамын. Таксиге мінгенде хабарласамын.
– Телефоныңды өшірме, бір таксиге отыр, мен сені өзім жарты жолдан күтіп аламын.
Ержан бірден достарына хабарласты. Олар қолдайтынын, ең бастысы, қыздың өзі қаласа, еш шегінбейтіндерін айтты.
Далада ауа райы да бұзылып, дауыл басталып жатқан. Телефонына жолдың жабылғаны туралы хабарлама үздіксіз келіп жатыр. Ержан ешнәрсеге қарамастан автобекетке барып, таксимен келісіп, жолға шықты. Қаладан ұзай бергені сол еді, Маржан қоңырау шалды. Өзінің таксиге отырғанын және тек қала сыртына дейін ғана жеткізетінін айтты. Ержан да жолға шыққанын айтып, екеуі кездесетін жерді белгілеп алды. Сөйтіп, екі сағаттан соң Маржан мен Ержан қауышты. Екеуі енді көлікте отыр. Не істейді? Қайда барады? Ойлана келе, Маржанның қаладағы құрбысының үйіне баратын болып шешті. Бұл уақытта қызды алып қашқан жақ Маржанның әке-шешесіне хабардар етіп қойған еді. Маржанның білуінше, оны алып қашқан жақ анасы мен інісінің араласып жүрген адамдары көрінеді. Осылардың келісімімен алып қашқан болуы керек. Ал Маржан бұл жағдайдан хабарсыз. Ата-анасы енді қыздарын іздей бастады. Маржанның өзіне хабарласты, бірақ ала алмады. Өйткені телефонын өшіріп тастаған болатын. Ержан екеуі құрбысының үйінде отыр. Нөмірді қайдан алғандары белгісіз, қыз жақтан Ержанға да хабарласты. Ержан бір күннен бері Маржанды көрмегенін, жолықпағанын айтты.
Не керек, таң да атты. Бүгін кешке Маржанды Ержанның өзі алып қашатын болды. Достарының бәріне хабарласты. Группаластары дайын екендерін айтты. Күн батып, кеш түсісімен барлығы қаладағы саябақта жолықты. Қыз алып қашуға жеті көлік дайын тұр. Ермек, Сәкендер жұмыстан соң шығып келе салған. Үстеріндегі костюм-шалбарлары тойға дайынбыз деп тұрғандай. Сонымен қаланың орталығын шуылдатып Ержанның үй жағына қарай тартты.
Жас келінді көлікпен есіктің алдына кіргізді. Ержанның анасы ақ орамалмен келінінің бетін жауып, әжесі маңдайынан сүйіп, көліктен түсіріп, шымылдыққа кіргізді. Сыртта абыр-сабыр болып, Ержанның достары тарап, группаластары қалды. Бұл уақытта үйдегілер қуғыншы жіберуге дайындалып жатқан. Сәкен Ержанды қуғыншылар келгенде көзге түспеуді, болмаса басқа жаққа кетіп қалу жағын қарастыруын айтты. Сөйтіп, Ержан жақын досының үйіне кететін болды. Сәкендер қуғыншылар келгенше үйде отыра тұру үшін ішке кіріп, жайғасып, енді әңгімелерін бастай берген еді, сырттан қуғыншылардың ащы дауысы естілді.
Қуғыншылар ешнәрсеге қарамастан бірден Маржан отырған бөлмеге кіріп кетті. Маржанның ағасы қарындасының қолынан ұстап тартқылай жөнелді. Тіпті қыздың туыстары жолда тұрған Ержанның әжесін де көздеріне ілмеді.
Маржан отырған бөлме айқай-шу. Бірі басу айтып, қуғыншыларды тыныштандырып әлек. Қыздың анасы қасындағы бір әйелмен Маржанды тартқылап, орнынан тұрғыза алмай жатыр.
Үй іші жарық болмаған соң қараңғы тартып тұрған. Кімнің кім екені анық байқалмайды. Ермек пен Мейіржан үйге кірді. Ермек асүйге қарай кетіп, Мейіржан Маржан отырған бөлмеге қарай жақындай бергенде қыз жақтың екі әйелінің сөзін құлағы шалып қалды:
Мейіржанға бұл қыздың анасы секілді көрінді. Қараңғы болғандықтан адамның түрі анық көрінбейтін еді. Ержанның анасы, әжесі, туысқан әпкелері қыз жақтың әйелдеріне басу айтайын деді.
Осы уақытта үйдің алдына бір көлік келіп тоқтады. Ішінен денесі ірі бір еркек түсті. Бұл Маржанның анасының інісі еді. Түсе сала үйге айқайлап кірді.
Анасы:
Әлгі дәу:
– Қыз алып қашқанның қандай боларын көрсетемін бұларға. Қайда анау ұлдарың?
Осы кезде алдынан Ермек те шыға қалған еді.
Ермек қорқып, көзі шарасынан шығып кете жаздады. Осы кезде Маржанның ағасы көріп қап:
Ермекті итере салған ол ашық тұрған қақпаны бір теуіп, боқтанған күйі көлігіне отырды да кетіп қалды.
Маржан қалатын болды. Ертең беташар. Бірақ бұл дауылды күн бәрінің есінде қалды. Мейіржанның жүрегіне әлгі әйелдің өз қыздары туралы айтқан сөздері, қызды қаламаған жағына екі жақтың келісімімен жібере салу салтының әлі күнге бар екені, қыз бала тағдырының осынша ауыр әрі екі ортадағы зат секілді болуы қатты әсер етті.
Міне, беташар да өтті. Маржан келін, ал Ержан күйеубала. Екі жақ құда болып, араласып кетті. Бүгінде Ержан мен Маржан бақытты отбасы. Тіпті сәби күтіп отыр. Ержан қыз жаққа қонаққа барды. Бәрі түк болмағандай күтіп алып, кешегі дауылды күннің ертесіне болған оқиға естен шығып кеткендей. Бірақ біреудің жанына жара салар ауыр сөздердің естен шықса да жүректің түбінде қаларын бірі білсе, бірі білмеді...
Ерлан НҰРЛАНОВ,
«125 Education»
ЖШС орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі