Саясат

Қазақстан мен Франция туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті,деп хабарлайды arainfo.kz

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, тараптар келіссөз барысында туризм саласындағы екіжақты әріптестікті одан әрі дамыту әлеуетін талқылады.

Министр Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара іс-қимылдың маңызын атап өтіп, туризм саласындағы ынтымақтастық екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты іскерлік қатынастарды нығайтуға негіз болатын бастамаларды іске асырудың негізгі қадамдары туралы уағдаласты.