Жаңалықтар

Көк паспортымызды бүкіл әлем таниды және құрметтейді - Тоқаев

Көк паспортымызды бүкіл әлем таниды және құрметтейді - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматының паспорты туралы айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі."Шет мемлекеттердің визаларын беруді қоса алғанда шетелде қазақстандық паспортқа қатысты қандай да бір шектеулер жоқ.

Бұл – Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған еліміздің теңгерімді әрі жауапты сыртқы саяси бағдары мен ішкі саясатының тікелей нәтижесі", - деді мемлекет басшысы.  Айта кетейік, президент жұмыс сапарымен Қарағанды облысында жүр. Қазір өңір жұртшылығымен көздесуі өтіп жатыр.