Облыстық «Адал қоғам қалыптастыру негіздері» жобалар байқауы өтті
«Адал қоғам негізін қалыптастыру» тақырыбында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауы өтті,деп хабарлайды arainfo.kz
Жобалар байқауын Талас ауданы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі және облыстық техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастырды. Жобалар байқауын өткізудегі басты мақсат – жастардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын орнату, қоғамдағы өзекті мәселеге жастар назарын аудару, түбегейлі шешімдер қабылдауға шақыру.
Іс-шара барысында колледж студенттері өз жобаларын қорғап, адал қоғам қалыптастырудағы өздерінің идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар, әділқазылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жобаларын қорғау барысында түрлі ұсыныстарын ортаға салды.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде – «Парасат» колледжінің студенті К.Нұржігітқызы, І орын – Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Ж.Сейдомарова, ІІ орын – Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Н.Мұзафарқызы, ІІІ орын – №7 Бетқайнар колледжінің студенті Ж. Ниятбайқызы иеленіп, жеңімпаз атанған студенттер бағалы сыйлықтармен алғыс хаттармен марапатталды.