Руханият

Ең асыл құндылығымыз

Биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына – 33 жыл. Осы уақыт аралығында біз бейбіт өмірдің мәнін түсіндік. Ендігі біздің қолымыздан келетіні –тәуелсіздігімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, елді көркейтуге, дамытуға атсалысу.

Тәуелсіздік – әрбір мемлекеттің ең асыл құндылығы. 1990 жылдың дәл осы күні, яғни 25 қазанда Қазақстан тарихын мәңгілік өзгертетін шешім қабылданды. Қазақстанның егемендігін жариялаған тарихи құжат «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сондықтан 25 қазан Қазақстан тарихында айрықша орын алатын күндердің бірі. Алайда 2009 жылы Республика күні мемлекеттік мейрамдар қатарынан алынып, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні негізгі ұлттық мереке ретінде белгіленді. 2022 жылы Республика күні қайта ұлттық мерекелердің қатарына енгізіліп, оны 25 қазанда атап өту туралы шешім қайта қабылданды.

Осы орайда жастар тәуелсіз Қазақстанның 33 жылдық жетістіктерінен хабардар болғаны абзал. Жалпы еліміз тәуелсіздік жылдарында көптеген салада елеулі нәтижелерге қол жеткізді.

Мәселен, экономикалық реформалар жайлы айтатын болсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін жекешелендіру мен нарықтық экономикаға көшу процесі жүргізілді. Елдің мұнай-газ секторына шетелдік инвестициялар тартылып, бұл ел экономикасының негізгі қозғаушы күші болды. 2015 жылы Қазақстан Әлемдік сауда ұйымына мүше болды. Нәтижесінде кәсіпорындарымыздың шетел нарықтарына өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның елдегі инновациялар мен «жасыл» технологияларды дамытуды мақсат еткенін көрсеткен еді. Білім беру жүйесі де айтарлықтай жаңғыртылды. Назарбаев университеті және зияткерлік мектептер елдегі білім беру сапасын жаңа деңгейге шығарды. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы аясында мыңдаған қазақстандық студент шетелде білім алды. «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері жөндеуден өтіп, қалпына келтіріліп, қайта жаңғыруда. Дәл осылай жетістіктерімізді тізіп жаза берсек, Қазақстанның 33 жылда жеткен жетістігі өте көп, алдағы уақытта да өркендеп, өсе беретініне сенім мол. Экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы ілгерілеу елдің тұрақтылығын, беделін және болашағын нығайтуға ықпал етуде. шығуына жол ашылды. Дүниежүзілік сауда ұйымы Женевадағы сауда орталығының атқарушы директоры Аранча Тонзамес 2015 жылғы сұхбатында: «Өз ережелері бойынша ДСҰ Қазақстанның шағын және орта бизнесінің дамуына септігін тигізеді. Демек, елдің экономикалық жағдайы жақсарды, жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың тұрмыс деңгейі көтеріледі», – деген болатын.

Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы көлік және инфрақұрылым салаларын дамытуға бағытталды. Логистикалық дәліздерді құру жолдары мен теміржолдарды жаңарту Қазақстанды Орталық Азиядағы маңызды транзиттік хабқа айналдырды.

Еліміз 1992 жылы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болды. Ал 2017 2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Қазақстан – әлемдегі ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан ел. Бұл шешім Қазақстанды жаһандық бейбітшілік пен қарусыздандырудың жақтаушысы ретінде көрсетті. «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы Астана қаласында өткен EXPO-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның елдегі инновациялар мен «жасыл» технологияларды дамытуды мақсат еткенін көрсеткен еді. Білім беру жүйесі де айтарлықтай жаңғыртылды. Назарбаев университеті және зияткерлік мектептер елдегі білім беру сапасын жаңа деңгейге шығарды. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы аясында мыңдаған қазақстандық студент шетелде білім алды. «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері жөндеуден өтіп, қалпына келтіріліп, қайта жаңғыруда. Дәл осылай жетістіктерімізді тізіп жаза берсек, Қазақстанның 33 жылда жеткен жетістігі өте көп, алдағы уақытта да өркендеп, өсе беретініне сенім мол. Экономикалық, саяси және әлеуметтік салалардағы ілгерілеу елдің тұрақтылығын, беделін және болашағын нығайтуға ықпал етуде.

Ұлжан БИДӘУЛЕТ,

№54 орта мектептің

11-сынып оқушысы,

Тараз қаласы