Жамбыл жаңалықтары

Шығармашылық көрме шабыт сыйлады

Республика күні және Жамбыл облысының 85 жылдығына орай академик, мүсінші, суретші Аманат Назарқұлдың «Ұлы түрік шыңы» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Аманат Назарқұл – Қазақстан монументалды өнер саласына айрықша үлес қосып жүрген суретшілердің бірі. Суреткердің шығармаларының көркемдік шешімі эпикалық сипатпен жырланған өмір шындығында жатыр. «Қорқыттың үш бұлағы», «Азия бибі», «Бабалар рухы», «Үш грация», «Томирис», «Түнгі жолаушы», «Аралды аңсау», «Кентавр», «Катарсис» сынды туындыларында тарихи деректі оқиғаларды негіз ете отырып, кең тыныспен жырлайды

Суретшінің жеке көрмесіне монументалистің 150-ден аса шығармашылық туындысы қойылды.

Ал көрмені облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай ашып берді.

Ал ҚР Көркемсурет академиясының вице президенті, ҚР Суретшілер одағы хатшылығы мен басқармасының мүшесі Марлан Нысанбаевқа «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Сонымен қатар іс-шара барысында өзге де қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

Мұқағали БАЛТАБАЕВ