Ұлы арман ақиқатқа айналды
Құрметті жамбылдықтар!
Баршаңызды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!
25 қазан – егемендік ұғымын айшықтайтын, бабалар аңсаған ұлы арман ақиқатқа айналған күн.
Республика күнінде рухымыз асқақтап, елдігіміз нығайып, береке-бірлігіміз бекемделе түсетіні анық.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев: «Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтаймыз», – деп айтулы күннің маңызын айқындап, мәртебесін асқақтатты.
Қастерлі Отанымыз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін ұлы белестерден, асқаралы асулардан асып, бүгінде тұғыры нық, керегесі кең, іргесі берік, беделі биік мемлекетке айналды.
Халқымыз кез келген істе татулықты ту етіп, жұдырықтай жұмылып келеді.
Жақында өткен республикалық референдумда өңір тұрғындары болашақтан зор үміт күтетінін білдіріп, отаншылдықтың нағыз үлгісін көрсетті.
Қадірлі жерлестер!
Қазір еліміз бүгінін бағамдап, болашағын бағдарлап, кемел келешекке қарқынды қадам басты.
Президенттің ауқымды реформалары мен баянды бастамалары сәтімен іске асуда.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жамбылдықтардың да әл-ауқаты артып, өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешілуде.
Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ іс.
Сіздерге қадірі мен қасиеті бөлек, ұғымы ұлы мерекеде зор денсаулық, жарқын жетістіктер, еселі еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ ұялап, бақ-береке дарысын!
Ел еңсесі биік, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ,
облыс әкімі