Таразда бірқатар ҚАЖ қызметкерлерінің ата-анасына құрмет көрсетілді
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
Бұл күні дәл осы саланың дамуына елеулі үлесі мен мінсіз қызметі үшін бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді.
Олардың қатарында Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің бақылаушысы, әділет кіші сержанты Жұмабек Тұрашовтың ата-анасы Данияр Тұрашұлы Абламатов пен Зәуре Құдайбергенқызы Биқоңыроваға Алғыс хат табыс етілді. Өз кезегінде марапатқа лайық деп танылған ҚАЖ қызметкерінің ата-анасы бұл марапат барлық қызметкерлердің ата-аналарының еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
Сондай-ақ, бұл күні өңірлік ҚАЖ департаменті бастығы, әділет подполковнигі Жәнібек Қосжанов қызметінде көзге түскен бірқатар қызметкерлердің ата-аналарына өз атынан Алғыс хат жариялады.
Есен САҒЫНАЙҰЛЫ