Жаңалықтар

Ел тарихындағы маңызды күн

Қазақстанның Республика күні 1995 жылы мемлекеттік мереке болып жарияланды.

25 қазан - кездейсоқ таңдалмаған, бұл күн ел тарихында маңызды рөл атқарды. 1990 жылы дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылдады. Бұл декларация Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздерін бекітті. Республика күні – елдің егемендігін, ұлттық бірлігін тойлаудың ерекше сәті. Әрбір қазақстандық бұл мерекені мақтанышпен қарсы алады, себебі ол – біздің тәуелсіздігіміздің символы.

 

Гүлбаһрам ЕРМЕКОВА,
Сарыкемер ауылы Н.Киікбаева атындағы мектеп-гимназиясының директоры,

аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты