Экология

Облыстың экологиялық ахуалы қалай?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты биылғы Жолдауында экологиялық проблемаларға айрықша назар аударды. Мемлекет басшысы: «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамымызда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек. Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет», – деді.

Өкінішке қарай, бүгінде облысымыздың да экологиялық ахуалы көңіл көншітпейді. Облыста жыл өткен сайын түрлі жаңа өндіріс орындары ашылып, нәтижесінде сыртқа шығарылатын химиялық қалдықтардың мөлшері артқан. Бұған қоса автокөліктердің көбеюі де ауаның ластануына кесірін тигізуде. Сонымен қатар жылдан-жылға созылып, шешімін таппай келе жатқан қоқыс, фосфогипс қалдықтары, кәріз суы мәселесі де сол күйі өзгеріссіз қалып отыр.

Облыстық экология департаментінің басшысы Арсен Латыповтың айтуынша, ғарыштық мониторинг нәтижесі бойынша облыс аумағында 319 өздігінен пайда болатын қоқыс полигоны анықталса, оның 145-і жойылып, 107-сі әлі тазартылмаған. Сондай-ақ мониторинг көрсеткендей, аймақта 65 ұйымдасқан, яғни қалдықтарды орналастыруға экологиялық рұқсаты бар полигондар мен жекеменшіктегі 2 пункт жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта рұқсат етілмеген үйінділерді кәдеге жарату 45,4 пайызды құрайды.

 Осы жылдың 9 айында облыстық экология департаменті 29 тексеру жүргізген. Тарқатып айтқанда, 12 жоспардан тыс тексеріс, 14 бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық тексеру, бақылау субъектісінің талаптарын сақтау үшін 3 тексеріс өткізіліпті. Тексеру нәтижелері бойынша 75 заңбұзушылық анықталып, 28 ұйғарым шығарылған. Есепті кезеңде прокуратура органдарына түскен тексерулер мен ұсынулар бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 802-бабына сәйкес 62 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 132 117,039 мың теңге көлемінде 59 әкімшілік айыппұл салынған екен.

Әділет органдарына қарауға 3 әкімшілік хаттама жолданып, оның құзыреті шегінде сотпен 4393,480 мың теңге айыппұл өндіруге әкімшілік шара қолдану туралы 2 қаулы шығарылған. Жалпы сомасы 4 535 947 мың теңгені құрайтын 47 айыппұл өз еркімен өндіріліпті. Мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына көлемі 117 191,140 мың теңге болатын 4 әкімшілік айыппұл жолданған. Оның ішінде 5907,2 мың теңге көлемінде 3 айыппұл, сот орындаушылар арқылы 111 283,940 мың теңгеге 1 айыппұл өндірілген. Сот қаулысымен Қордай ауданы әкімінің орынбасарына қатысты 55 380 мың теңге көлеміндегі 1 әкімшілік айыппұлдың күші жойылған.

Есепті кезеңде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 10.05.24 № 97-П бұйрығымен бекітілген, профилактикалық бақылау тізбесіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы бақылау субъектісіне жүргізілетін барлық профилактикалық бақылаулар толығымен аяқталған. Қазіргі уақытта жеке тұлға С.Төлешовтің Қордай аудандық орталық ауруханасына қатысты өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру тағайындау үшін материалдар дайындалып жатыр екен.

Сонымен қатар осы жылдың үшінші тоқсанында департамент 19 сот ісіне қатысқан. Талапкер ретінде департамент 4 шағым түсірген. Тарқатып айтсақ, бірінші жауапкер – «Аса Damu» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына экологиялық рұқсат алғанша және «Крематор» пешінің жұмысын газ тазарту жабдығы орнатылғанға дейін кәсіпорын қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданған. Аталмыш соттың 2024 жылғы 17 мамырдағы № 3115-24-00-2/648 қаулысымен департаменттің талап-арызы қанағаттандырылған.

Келесі жауапкер – Тараз қаласындағы «Қазфосфат» жауапк ершілігі шек теулі серіктестігінің Минералды тыңайтқыштар зауыты. Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына серіктестікке қалдықтар иерархиясының талаптарын сақтай отырып, қалдықтарды басқару бағдарламасына қатысты экологиялық рұқсатқа 2024 жылдың 1 тамызына дейін белгіленген мерзімде түзетулер енгізуді міндеттеу туралы талап-арыз жолданыпты. Соттың 2024 жылғы 3 қыркүйектегі №3115-24-00- 2/1401 қаулысымен департаменттің талап-арызы қанағаттандырылған.

Сол сияқты «Алтыналмас» акционерлік қоғамына қатысты департамент тарапынан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына І санаттағы объектінің операторы объектілерді пайдалану салдарын жою үшін қаржылық қолдау алғанға дейін кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданған. Алайда ҚР Экологиялық кодексінің 147-бабының 5 және 6-тармақтарына өзгерістер енгізілуіне байланысты департаменттің талап-арызы соттың 2024 жылғы 11 қыркүйектегі №3115-24-00-2/1676 қаулысымен қараусыз қалдырылған (1-санаттағы қолданыстағы объектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Экономикалық кодексінің 147-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген мерзім 2026 жылғы 1 шілдеден басталады).

Облыстық мамандандырылған экономикалық сотына тура осындай I санаттағы объектінің операторы қаржылық қолдау алғанға дейін кәсіпорынның қызметін тоқтата тұру туралы талап-арыз жолданған жауапкер мекеменің бірі – «Аса Damu». Алайда жоғарыда айтылғандай, ҚР Экологиялық кодексіне енгізілген өзгерістерге байланысты бұл өтініш те қараусыз қалдырылыпты.

Сол секілді департамент жауапкер ретінде 5 сот ісіне қатысса, «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты кейбір іс 2022 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Сондай-ақ талапкер «Сарыбұлақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2024 жылғы 22 тамыздағы №21 тексеру актісі мен ұйғарымның күшін жою туралы әкімшілік талаппен жүгінген. Аталған іс қазіргі уақытта өндірісте.

Басқа да даулар бойынша департамент 10 әкімшілік іске қатысып жатқанын айта кету керек. Мәселен, облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының Сарысу ауданындағы №29 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қатысты анықталған бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 4-бөлігімен хаттама толтырылып, Сарысу аудандық сотына жолданған. Соттың 2024 жылғы 7 ақпандағы №3160-24-00-3/40 қаулысымен мекемеге 1 809 080 мың теңге сомасында бір айға дейін қызметке тыйым салу жөнінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылған.

Сол сияқты Шу ауданындағы «Zhambyl Minerals» ЖШС-на қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 4-бөлігімен хаттама толтырылып, өз құзыреті шегінде қарау үшін Шу аудандық сотына жолданыпты. Нәтижесінде 2024 жылғы 13 маусымдағы №3166-24-00-3/402 сот шешімімен 700 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 2 584 400 теңге сомасында және қызметке тыйым салу түрiнде әкiмшiлiк айыппұл салу туралы қаулы шығарылыпты. Мерзімі – 6 ай. Алайда «Zhambyl Minerals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасына Шу аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы №3166-24-00-3/402 қаулысына апелляциялық шағым түсірген. Дегенмен бірінші сатының қаулысы өзгеріссіз, яғни шағым қанағаттандырусыз қалдырылыпты.

Қазіргі уақытта 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша сотта департаментке қатысты 6 іс қаралуда, оның төртеуі «Қазфосфат» ЖШСна қатысты болса, екеуі «Сарыбұлақ» ЖШС-нан түскен арыз. Аталған шағымдардың төртеуі Тараз қаласының әкімшілік құқықбұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында қаралуда.

жөніндегі мамандандырылған сотында қаралуда. Есепті кезеңде облыс көлемінде экологиялық апатқа ұласқан төтенше жағдай орын алмағанын айтқан департамент басшысы экологиялық реттеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайын да баяндады. 

14 қазандағы жағдай бойынша облыстық экология департаментіне 135 өтініш түскен. Оның 52-сі заңды, 83-і жеке тұлғалардан келген. Департамент әр айдың 8-і күніне дейін ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасынан түскен сұраныстар бойынша салыстыру есептерін уақытылы бекітуді жүзеге асырады. Есепті кезеңде мерзімі өтіп кеткен өтініштер қаралмаған әрі өтініштерді қарау бойынша шағымдар түспеген.

Бір сөзбен айтқанда, өңірдің экологиялық ахуалын арттырып, қоршаған ортаны қорғау және мәселелерді шешу жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бермек. 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ