Жамбыл облысының тұрғыны 15 мыңға жуық темекі өнімдерін заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланды
Жамбыл аудандық соты темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаған азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. 2024 жылдың қыркүйегінде Д. азаматы Қырғыз Республикасының шекара бекетінде Қазақстан Республикасының аумағына тіркеу және бақылау белгілерінсіз 15 мыңға жуық «O.» темекі өнімін тасымалдады.
Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындады және жасаған ісіне өкініш білдірді.
ӘҚБтК-нің 283-б. 2-б. санкциясы жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, сондай-ақ лицензиядан айыра отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.
Сот кінәсін мойындауды және жасаған ісіне өкінуді - жеңілдететін жағдайлар деп таныды. Сот ауырлататын мән-жайларды анықтаған жоқ.Сот қаулысымен құқық бұзушыға темекі өнімі тәркіленіп, 129 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.