Жаңалықтар

Жазасын өтеушілер «Пейіш» фильмін тамашалады

Қылмыстық-атқару жүйесі саласы қызметкерлерінің негізгі міндеттерінің бірі – сотты болғандарды қоғамға қайта бейімдеу.

Бұл ретте олар түрлі мәдени-сауықтыру шараларын ұйымдастырып, арнайы контингент өкілдерінің қоғамнан оқшауланбауына ықпал етеді. 

Жуырда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші бірқатар азаматша Тараз қаласындағы «Қазақстан» кинотеатрынан «Пейіш ананың табанының астында» фильмін тамашалауға мүмкіндік алды. Жасақ бастығы, әділет майоры Марина Сапаркулованың айтуынша, осы күні аталған түзеу мекемесінде жазасын өтейтін нәзік жандылар режиссер Руслан Акунның туындысын тебірене көрген көрген. 

Айта кетейік, бүгінде ел аузында жүрген туындының басты идеясы – ана мен бала арасындағы аяулы қарым-қатынасқа құрылған. Сценарий авторы сол арқылы Жаратушыға деген шексіз махаббатын өз көрермендеріне ұғындырғысы келгендей.