Жаңалықтар

Жамбылда өрттен 10 адам құтқарылды

Жамбыл облысында пәтердегі өрт кезінде 10 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды arainfo.kz

ТЖМ мәлімдеуінше,Тараз қаласында төртқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде 2 шаршы метр алаңда жану орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 10 тұрғындарын, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.