Жамбыл облысының ауылдық елді мекендерінде биыл 8 Мәдениет үйі пайдалануға беріледі
Республика күні және Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойына орай Талас ауданы Көктал елді мекенінде ауылдық Мәдениет үйі пайдалануға берілді,деп хабарлайды arainfo.kz
Аталған мәдениет нысанының құрылысын мердігер — «Taimas Construction Company» ЖШС бес айдың ішінде аяқтаған.Клубтың салтанатты ашылу жиына облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысып, мәдениет саласын дамытуға бағытталған жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Айта кетейік, 2021 жылдан бері облыс көлемінде 18 мәдениет нысанының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген.
Ал биыл 16 мәдениет нысанының құрылысы басталып, жыл аяғына дейін 8 нысанның құрылысын аяқтау жоспарланған.