Шу ауданында 480 тонна жабайы қарасора жойылды
Бас прокурордың құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров Шу ауданына жұмыс сапарымен барып, құқық қорғау органдарының жұмысын тексерді.
Прокуратураның ұсынысы бойынша «Шу – қауіпсіз аудан» бағдарламасы әзірленген болатын. Мәслихат депутаттары тарапынан қабылданған бағдарламада мақсатты индикаторлар анықталған.
Мысалы, биыл 9 айда аудан бойынша қылмыс деңгейі 13,3 пайызға, оның ішінде ауыр қылмыстар 31,1 пайызға, жеңіл қылмыстар 33,3 пайызға төмендеген. Пробация есебінде тұрған азаматтардың 96 пайызы жұмысқа орналастырылса, «Сергек» камераларын орнату басталып, оларды 147 көшелік бақылау камерасымен интеграциялау жүргізілуде.
Сонымен қатар облыс прокуроры жыл сайын есірткі қылмыстары анықталатын, жабайы қарасораның едәуір мөлшері өсетін Тасөткел ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Биыл Шу ауданында прокуратураның үйлестіруімен 480 тонна жабайы қарасора жойылды.
Облыс прокуроры құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік көрсетуге шақырып, құқық қорғау органдарынан «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту бойынша тиімді шаралар қабылдауды талап етті.
Ақтоты ЖАҢАБАЙ