Жаңалықтар

Таразда есепте тұрған сотталғандар арасында суға жүзуден жарыс өтті

Жуырда қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әйгілі балуан марқұм Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешеніндегі жабық бассейнде пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар арасында суға жүзуден ашық турнир өтті.

«Тараз – қауіпсіз қала» жобасының шеңберінде ұйымдастырылған сайысты Тараз қаласының прокуратурасы, Тараз қалалық №1,2,3 пробация қызметі мен қала әкімдігінің спорт бөлімі бірлесе өткізген. 

Тартысты өткен дода барысында қатысушылар 50 және 100 метрлік қашықтықта өзара кім мықтыны анықтайды. Ал, турнирге 30-31 жас аралығындағы бас-аяғы 50 адам қатысып, бақ сынасты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медаль, диплом мен естелік сыйлықтар табыс етілді.