Жаңалықтар

Жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері қысқы киім үлгісіне көшті

Таразда ҚАЖ қызметкерлерінің арасында дәстүрлі саптық байқау өтті.

Дәлірек айтқанда, бұл күні жеке құрам қызметкерлерінің қысқы киім үлгісіне ауысуына байланысты өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде саптық байқау ұйымдастырылды.Онда қысқы киім нысанына көшу, саптық дағдыны жетілдіру әрі саптық командаларды орындау кезінде реттілікті, сондай-ақ қатардағы және басшы құрамның нысандық киім үлгісін қатаң ұстануын қамтамасыз ету назарға алынды.

Сондай-ақ, қызметкерлердің сыртқы түр-сипаты, үлгілік киімі, қызметтік куәліктері мен айырым белгілерінің талаптарға сай болуы тексерілді. Бұдан бөлек, тәртіп сақшыларының ұқыптылығы мен жинақылығы, киімінің мұнтаздай таза болуына ерекше көңіл бөлінді.