Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы талқыланған халықаралық конференция өтті
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы Ұлы Жібек жолының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-танымдық онлайн конференция өткізді,деп хабарлайды arainfo.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше,іс-шараға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің тарихшы ғалымдары, қазақстандық археологтар, өлкетанушылар, тарихшылар және мұғалімдер қатысты.
Конференцияда Ұлы Жібек жолының бейбітшілік, келісім, тұрақтылық пен халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы орны мен рөлі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы мен насихатталуы талқыланды.
Сондай-ақ іс-шара барысында музей-қорық қызметкерлері «Тараздың жауһар жәдігерлері» атты көрме ұйымдастырды.